Адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы – білімнің жемісі. Әсіресе, қазіргі озық технология дәуірінде ғылымсыз алға басу мүмкін емес. Сондықтан мемлекет басшысы ғылымды дамыту ісіне айрықша мән беріп отыр. Себебі ғылымды дамыту – мемлекет саясатындағы ең маңызды бағыттың бірі. Өкінішке қарай, елімізде ұзақ жыл бойы оған баса назар аударылған жоқ. Соған байланысты шешімін таппай жатқан мәселелер аз емес. Өркениетті ел болу жолында
«Жамбыл облысы жол сапасы бойынша елімізде екінші орында». Бүгін Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген ҚР-ы Көлік министрі Марат Қарабаев өңірдің жұртшылығымен кездесуінде осылай деді. Достық үйінде өткен жиында жергілікті тұрғындар өзекті мәселелерді шенеунікке тікелей қойып, жауаптар ала алды.
Білім басқармасына қарасты «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Серіктестік қатынастар және ынтымақтастық – аутизмге қатысты мәселелерді ақпараттандыру, тарату және кері байланыс құру» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
Суицид мәселесі қазіргі таңда өткір мәселе. Бұл туралы алдын алу тақырыбында ғалымдардың өзі тап басып, себеп салдары мен өз-өзіне қастық ойлағандарды райынан қайтарудың амалын әлі тапқан жоқ. Ал, бұл кесапатқа пендені итермелейтін себеп көп. Психологтардың айтуынша, жасөспірімдер арасындағы суицид отбасындағы жанжалдар мен әлеуметтік жағдайдың төмендігі десе, ата-аналар тарапы әлеуметтік желідегі әумесер туындылардың әлегі дейді. Бірақ, қазір болып жатқан өз-өзіне қол жұмсаулардың себебі бір-біріне ұқсамайды. Тіпті болмашы дүниеге бола өз өмірін тәрк ететіндер көп. Осы тақырып аясында әріптесім қоғамдық сауалнама жасады. Толығырақ сюжеттен көрейік.
Ел экономикасын жаңғыртудың басты алғышарттарының бірі — өнеркәсіп саласының дамуы. Өңіріміздегі үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асуына бірден-бір үлес қосып келе жатқан «Арайстроймаркет-2003» компаниясы биыл 20, ал «Інжу» балабақша – мектеп-гимназиясы 10 жылдық белесті еңсеріп отыр. Қос мерейтойға орай бүгін салтанатты жиын өтті. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
21 ғасырдың өзекті мәселелерінің қатарын интернет алаяқтары толықтырып тұр. Назар аударыңыз! Сақ болыңыз! Есіңізде болсын, банк қызметкерлері ешқашан сіздің картаңыздың деректерін сұрамайды, сондай-ақ ұялы телефоныңызға келетін кодтарды беруді талап етпейді. Дегенмен, ескертулердің бәрін ой елегінен өткізіп, сонда да алаяқтардың арбауына түсіп жататындар саны жыл санап, тіпті күн санап артып келеді.
Егілген тұқым неге өнбейді? Миллиондап қаржы жұмсалған сексеуілді көктету жұмысы шатқаяқтап тұр. Сарысу және Қосқұдық орман шаруашылықтарында биыл егілген өскіннің көбі қурап кетіпті. Неге ? Орманшылардың айтатын сылтауы бір: Ауа райының қолайсыздығы, қолға алған жұмыстың жылдағыдан ауқымдылығы. Көтере алмайтын шоқпарды белге байлап, екі қолы ышқырында жүрген орманшыларға қандай шара көрілуі керек? Облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің төрағалығымен өткен кеңесте осы мәселелер қаралды. Сонымен қатар, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жыл ішінде атқарған жұмысы сараланып, табиғи орман қорларын қорғау және жабайы аңдардың өсу барысы сияқты бірқатар мәселе талқыланды.
1992 жылы 17 қаңтарда ҚР Жоғарғы Кеңесінің Қаулысымен Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы Заңы күшіне еніп, прокуратура қадағалауды жүзеге асыратын орган болды. Міне, содан бері қадағалаушы орган ретінде еліміздің барлық азаматтарына көмек көрсетіп келеді. Ал бүгін ел үшін еңбек етіп жүрген сала қызметкерлерінің төл мерекесі. Мерекеге орай ұйымдастырылыған шараға арна тілшілері де қатысып қайтты.
Облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мен «Жамбыл облысы еріктілер қозғалысы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Әлемді бірге өзгерт!» атты облыстық волонтерлер форумы өтті. Форумның басты мақсаты-білім беру ұйымдарында волонтерліктің негіздерін оқыту және түрлі жағдайларда қажетті көмек көрсету, волонтерлер арасында өзара байланыс орната отырып, біліктіліктерін арттыру, өзара тәжірибе алмасуына ықпал ету болып табылады.
Қазақстанда күніне жол апатынан 10 адам қайтыс болады. Санайғаққа салсақ осы. Ал, жылына аталған себептен шамалап алғанда бүтін бір ауылдың жұрты жер жастанады. Қорқынышты, иә. Бұл табиғаттың таразылап берген тәртібін бұзудың салдары деп есептесек болады. Бірақ, 2016 жылы қабылданған ІІМ-нің бұйрығы да бұған әсер етіп отыр екен. Себебі электронды автодром қазір теміртұлпар тізгіндегендерді табытқа кіргізсе, әлдебіреулерді табысқа кенелтеді. Жүргізушілер одағы облыстық кеңесінің басшысы Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен көлік және логистика саласы бойынша өткен жиында осылай деді.