Бүгінгі байқаудың мақсаты, қазақ ән өнерінде өзіндік ерекше қолтаңбасы бар, кәсіби деңгейдегі ән өрнегі, өзіндік айшықтары бар, лирикалық ерекше тебіреніспен ізденетін шығармашыл жанның бірі, әнші-сазгер, мәдениет саласының үздігі Әуезхан Салабековтің өнері мен шығармашылығын жаңа орындаушыларға таныстыру, шығармашылық байланыстар орнату және орындаушылар арасында тәжірибе алмасу,әнші-вокалистердің шығармашылық мүмкіндіктерін нығайту және дамыту, қолдауға жағдай жасау, орындаушылардың кәсіби деңгейін және шеберлігін арттыру болып табылады.
Елімізде қызылша ауруы өршіп тұр. Әсіресе Алматы мен Шымкент және Жамбыл облысында дерт дендеп жатыр. Қазіргі мәлімет бойынша Жамбыл облысында 2 124 адам төсек тартты. Оның ішінде 82 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Әзірге ауыр жағдайдағы науқас тіркелмеген. Дегенмен, қызылша жұқтырғандардың саны күннен күнге артып келеді. Жауаптылардың айтуынша, ауру жұқтырғандардың 85 пайызы екпе алмағандар. Жыл басынан бастап науқастармен барлығы 16 905 қарым-қатынаста болған тұлға анықталған, оның ішінен 389 науқас есепке алынған. Бұл жөнінде баспасөз алаңында денсаулық сақтау басармасы басшысының орынбасары айтты. Оның сөзіше, қазір екпенің жеткіліксіздігі байқалады. Сол үшін қазір қосымша 95 мың вакцина жеткізілмек.
«Бақытты болашақ» оқушылар сарайында «Елдің бүгіні мен ертеңіне деген сенімі» тақырыбында республикалық конференция өтті. Шараға еліміздің Халық Қаһармандары, зиялы қауым өкілдері, әскери кафедра студенттері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының курсанттары, алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Алғашқы сөзді алған облыс әкімі Ербол Қарашөкеев облысымызға арнайы келген құрметті қонақтарға деген ықыласын білдіріп, шараның маңыздылғына айрықша тоқталды.