23 Апр 2025, Ср

Октябрь 2023

ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

ҚР оқу-ағарту министрлігі, Республикалық қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығының ұсынысымен Республика бойынша, «Төрт тоқсан — Төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобаның тұжырымдамасы негізінде Тараз қаласы мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс – шараларды өткізетін облыстық орталықта Республика күніне орай, оқушылар мен студент жастар арасында «Тәуелсіздік  — тұғырым!» тақырыбында Ақындар айтысы ұйымдастырылды.

ТАРИХИ ТАҒЫЛЫМҒА ТОЛЫ ӨҢІРГЕ ТУРИСТЕР КӨПТЕП КЕЛУДЕ

Ағымдағы жылдың 2-ші тоқсанының қорытындысы бойынша облысқа 68 262 турист келіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109,5%-ға артып отыр. Ал, өткен жылы өңірге 135 712 турист келген, оның ішінде резиденттер саны 132 840 адамды құрайды.  Бұл жылдан жылға көрсеткіші көкке өрлеп бара жатқан Жамбыл туризмнінің бүгінгі нәтижесі. Тарихи орындарымен ерекшеленетін Әулиеата жерінде 3 510 тарихи-мәдени ескерткіштер орналасса, 27 ескерткіш Қазақстанның микросакралды картасына, 3 ескерткіш Қазақстанның өңірлік деңгейдегі Туристендіру картасына, 2 ескерткіш Еуразиялық Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының Дүниежүзілік ерекше туристік тартымды нысандарының тізіміне тенген. Өңір басшысы да осы саланы дамыту арқылы әулиеаталықтардың әлеуетін артыруға болатынын айтқан болатын. Сәйкесінше, қазіргі уақытта Жамбылдағы көрікті жерлер мен тарихи мекендерге келушілер саны артып келеді.

ДНИ КУЛЬТУРЫ РЫСКУЛОВСКОГО РАЙОНА

 

В  Рыскуловском районе с большим размахом отметили Дни культуры. В рамках празднования 85-летия района в селе Когершын в торжественной обстановке был открыт Дом культуры. Также на Центральном стадионе села Кулан было организовано масштабное мероприятие, где прошла сельскохозяйственная выставка. Кроме того, порадовала местных жителей концертная программа с участием звезд эстрады. Подробнее о масштабном мероприятии смотрите в следующем в материале.

В РАМКАХ ПРОЕКТА «АСАРЛАТЫП ҮЙ САЛУ» КРЫШУ НАД ГОЛОВОЙ ОБРЕЛА ЕЩЕ ОДНА СЕМЬЯ

В селе Сарыкемер Байзакского района в рамках проекта «Асар» ко Дню республики была обеспечена жильем еще одна малообеспеченная семья. На сегодняшний день в районе введено в эксплуатацию 46 домов. В акции приняли участие представители интеллигенции, жители села и заместитель акима района.

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨТТІ

Тұрар Рысқұлов ауданында мәдениет күндері кең ауқымда өткізілді. Ауданның 85 жылдығы мен мәдениет күндері аясында Көгершін ауылында мәдениет үйі ел игілігіне берілді. Сондай-ақ, Құлан ауылындағы Орталық стадионда ауқымды шара ұйымдастырылып, онда ауыл шаруашылығы көрмесі өтті. Сонымен қатар, эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама жергілікті жұртты думанға бөледі. Ауқымды шар жайында толығырақ тілші материалында.

«АСАРЛАТЫП ҮЙ САЛУ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАҒЫ БІР ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында Республика күніне орай «Асарлатып үй салу» жобасы аясында тұрмысы төмен тағы бір отбасы баспаналы болды. Бүгінгі күнге дейін ауданда 46 үй пайдалануға берілген. Акцияға зиялы қауым өкілдері, ауыл тұрғындары мен аудан әкімінің орынбасары қатысты. Толығырақ тілші тарқатады.