22 Апр 2025, Вт

Октябрь 2023

ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевпен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім қала тұрғындарына дәрігерлердің тегін консультацияларын, санаторийлік-курорттық емдеу және медициналық оңалту бойынша қызметтерді алуға, ал қажет болғанда жағдайда ауыр науқастарды емдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ортақ келісімнің нәтижесінде өңірдің медициналық мекеме қызметкерлеріне инновациялық технологияларды оқыту, ауруларды алдын алу, диагностикалау, жаңа медициналық технологиялар мен инновациялық әдістемелерін дамыту саласында тәжірибе алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы  «ZERDELI» ақыл-ой дамыту мектептері Тараз қаласындағы филиалымен бірлесе отырып,  2023 жылдың 29 қыркүйек  күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған  «Комбинаторика және логикалық есептер» атты облыстық семинарын өткізді. Іс-шараның мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің  кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын жетілдіру.

«ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН» – КІТАПХАНАЛАРДЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

Заманауи компьютерлік технологиялардың қарқынды дамуы нәтижесінде қолжетімді ақпарат алмасу жеделдетіліп,  коммуникациялық технологияда көрініс тапты. Ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты өндірілетін ақпараттың көлемі күннен-күнге артып, кітапханалардың білім базасы құрылуда.

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАН ЖАН ЖАЗАЛАНАДЫ

Халықты ақпаратпен арбайтын фейк мәліметтер қатары көбеймесе азаяр түрі жоқ. Әр күнде әр түрлі жаңалықтар шығады. Ал оның барлығы шыңдыққа жанасады ма? Біреуі айқын ақпарат болса, біреуі жалған болуы әбден мүмкін. Жалпы қоғамның тәртібін бұзатын ақпараттармен күрес қалай жүргізіледі? Құзырлы орган өкілдері не дейді?