Алаяқтардың түрлері көп. Олардың қатарын жалған ақпарат таратып, елдің санасын улайтындар толықтырды. Фейк ақпараттың кез келген түрін қолданып, өзгелерді алдау-арбау арқылы ақшасын жымқырып немесе қоғамда резонанс тудыратындар саны күн санап артып жатыр. Оларға күрес қалай жүргізілуде? Құзырлы орган өкілдері не дейді? Тахмина Тәліпжан тарқатады.
Қазір басты мәселе – ғалымдар даярлау. Ғылым инфрақұрылымын жаңғырту және ғалымдардың сандық дағдыларын дамыту шараларын жандандыру көзделуде. Бұл ретте біздің өңірде қандай жұмыстар атқарылуда? Аға буын өкілдері жас ғалымдарды тарту ісіне қалай көңіл бөлуде? Әріптесім Тахмина Тәліпжан толықтырсын.
Қордай ауданында 5 адамға әкімшілік іс қозғалды. Өйткені азаматтар баласы үшін міндетті алиментті төлемеген. Қордай ауданының прокуратурасы жүргізген талдау жұмыстары нәтижесінде осындай деректің беті ашылды. Айып арқалаған әкелерге қазір 2-ден 5-тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолданылып, жауапкершілікке тартылды.
Тараз қаласы аумағындағы ашық учаскедегі тұрмыстық қоқыстардың арасынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған пакет табылды. Аталған заттар Жамбыл облысының Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау мақсатындағы «Қарасора-2023″жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында табылған. Іздестіру жұмыстарына Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жұмылдырылды. Табылған қарудың ішінде 16 мм калибрлі «Иж-17» маркалы қосауыз тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, «ТОЗ-Б» маркалы тегіс ұзын ұңғылы аңшы мылтығы, газды револьвер, 5,45 мм калибрлі 30 патрон, 16 мм калибрлі 4 патрон, 9 мм калибрлі 12 травматикалық патрон және оқ өтпейтін жилет болды.Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды,-дейді тәртіп сақшылары.
Облыстағы 44 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 26 164 студент білім алса, оның 16 284 яғни 62 пайызы мемлекеттік білім тапсырысы аясында оқуда. Жастарды талап етілетін мамандықтар бойынша, биылғы жаңа оқу жылына 6350 орын оның ішінде республикалық бюджет есебінен – 2950 орын, жергілікті бюджет есебінен – 3400 орын мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте облыс әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Мұхит Нысанбаев атап өтті.
XXI век-это эпоха развития науки и техники. Растущие объемы финансирования образования и науки дают мультипликативный эффект по повышению конкурентоспособности специалистов и развитию научного потенциала. В государственной программе развития образования и науки страны на 2020-2025 годы отмечается большое влияние модернизации содержания образования на всех уровнях на развитие отечественной науки. Подробнее о научных исследованиях, проводимых в нашем регионе, смотрите в следующем материале.
Ложная информация – это такая информация, которая не соответствует действительности, о чем достоверно было известно ее распространителю. В Административном и Уголовном кодексах страны предусмотрены статьи, в которых говорится о том, какое наказание может последовать за дезинформацию. Статья 273 УК РК «Заведомо ложное сообщение об акте терроризма» предусматривает уголовную ответственность. По статье 274 УК РК «Распространение заведомо ложной информации» предусматривается наказание в виде штрафа, исправительных работ, ограничения или лишения свободы.
Как развиваются в Жамбылском регионе национальные виды спорта? Как известно, с момента обретения независимости наша область стала колыбелью национального спорта.Каких же успехов мы здесь достигли? Ответы на эти и другие вопросы прозвучали с уст директора КГУ «Профессиональный клуб по национальному спорту «Аулие-ата» управления физической культуры и спорта акимата Жамбылской области Нурдаулета Момынова на брифинге в РСК.
На минувших выходных состоялась акция «Чистота и честность-добродетели человечности» . Главной ее целью является вернуть Таразу звание «Зеленого города», улучшение экологии, благоустройство, озеленение нашего областного центра. Подробнее далее.
Ыкылас Дукенулы — казахский народный композитор-кюйши, кобызист, один из основателей школы кобыза. В честь 180-летнего юбилея яркого представителя музыкального народного творчества казахов в Сарысуском районе прошел республиканский конкурс кобызистов «Жез киік», а также был организован республиканский форум «Қобыз атасы−Ықылас».