В последние годы наблюдается рост фактов самоубийств людей. Особенно тревожит ситуация с суицидами среди школьников. Суицидальное поведение-это понятие, которое имеет широкий смысл, оно включает в себя суицидальный заговор, попытки самоубийства и проявления данного явления. . Потому необходимо проводить в этом направлении профилактическую работу на системной основе. Подробности в материале.
Бүгінгі таңда Қазақстан диджитализация деңгейі бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы мониторингіне кіретін 193 елдің ішінде 28-ші орында тұр. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында көшбасшы орын алады. Біздің еліміздегі мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы электрондық форматта ұсынылады. Халыққа қызмет көрсету орталығының цифрландыру шеңберінде не өзгерді? Бүгінгі таңда қандай Мемлекеттік қызметтерді цифрлық түрде алуға болады? Осы және басқа да сұрақтарға Жамбыл облысы бойынша № 1 Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы жауап берді.
Таразда 1 шілде күні халықаралық деңгейдегі Аквапарк іске қосылады. «KAZAKH INVEST» ҰК АҚ аймақтық директоры Арнольд Герингтің айтуынша, бұл аймақ Зербұлақ көлінен бөлек, Орталық Азиядағы ең ірі аквапаркты, аллеяны, бес жұлдызды қонақ үйді, SPA-орталықты және де қызмет көрсету саласын қосқанда, ойын-сауық орталығы типі бойынша бірыңғай кешен ретінде жұмыс істейтін объекті болмақ.
Қаланы көріктендіру,көгеріштендіру,тазалығын сақтауға қазір аса назар аударылуда. Күні кеше қаланың экологиясын ластап, қоқысты үйгендерге арнайы рейд ұйымдастырылды. Рейдтік жұмыстардың нәтижесімен қанша халық ескерту алды? Сюжет сөйлесін.
Жамбыл облысы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ақпарат алаңында «Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңа тариф саясатына көшу тақырыбында баспасөз-конференциясы өтті. Жалпы тарифті инвестицияға айырбастаудың тиімділігі қандай? Тілші тарқатсын.
Шу ауданы Кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасының «Кәсіпкерлік әлеуетті жетілдіру» атты бесінші бағыттың аясында іс – жүзінде бизнеске сервистік қолдау көрсетіп келеді. Көрсетілген қызметтердің ақысы Республикалық бюджеттің мақсатты трансферті есебінен өтеледі. Шу ауданында кәсіпкерліктің өсуі мен одан әрі дамуы үшін институционалдық негіздерді ќалыптастыру болып табылады.
Грекияның ежелгі Олимпия қаласының мэрі Георгиопулос Георгиос Жамбыл жеріндегі іс-сапары өлкенің тарихи жерлерін аралаумен жалғасты. Көне қаладан келген Грекия делегациясы Тараз қаласындағы ескерткіш, кесенелер мен «Көне Тараз этно –мәдени кешенін» аралады. Қала қонақтарына өлкенің бай тарихы, қазақи дәстүр мен салт-жоралғылар таныстырылып, ерекше құрмет көрсетілді.
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Грекияның ежелгі Олимпия қаласының мэрі Георгиопулос Георгиоспен кездесті. Кездесуге Қазақстан-Грекия Іскерлік Кеңесінің тең төрағалары Жақсыбек Күлекеев, Ламнидис Томас, Грек Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі Бақытжан Сүйіндіков те қатысты.
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Сарысу ауданына жұмыс сапарымен барды. Іс сапар барысында Жаңатас қаласы, 4 мөлтек ауданынан салынатын жеке меншік мектептің және “Химик” тұрғын үй кешені мен Қонақ үйдің жобасымен танысты. Сондай-ақ, аудан әкімі Сәкен Мамытов 4,5-шағын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жобасы туралы баяндады.