Бүгінгі күні 351 138 жас бар облыста. Бірақ оның барлығы бірдей өз құқығын біле ме? Оның үстіне деректегі санның басым бөлігіндегі кіші буын өкілдері ауылда тұрады. Ал, олар өз хақын бұлдауға қаншалықты қабылетті? Жалпы жаңа заман жастары құқық қорғау органдарына сене ме? Осы тақырып лауазымды тұлғалардың қатысуымен дөңгелек үстелде талқыланды. Жиында жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы жастардың көбінің құқық қорғау органдарына сенімі төмендігін жеткізді. Осыны ескерсек, бұл жиынның жастарға берері мол.
Таразда балалар ойын алаңының салтанатты ашылуы өтті. Бүлдіршіндерге арналған белсенді демалыс аймағы Абай даңғылының бойында орналасқан. Құны 23 млн теңге болатын бұл алаң жергілікті балалар үшін бос уақытын өткізетін нағыз сыйлық болды.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес қала аумағында 2 айлық тазалық жұмыстары басталған болатын. Осыған орай полиция қызметкерлерінің қатысуымен қала аумағында күл-қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орынға қалдырған жеке және заңды тұлғаларды анықтау мақсатында рейд ұйымдастырылды.Толығырақ сюжеттен көріңіз.
Ұлы жеңістің 78 жылдығына орай әр – бір елді мекендерде мерекелік іс – шаралар жасалды. Отан алдында от кешіп сұрапыл соғыстың талай қиыншылықтарын басынан кешкен ел азаматтарын ұмыт қалдырмау, оларға деген сый – қошемет көрсету кейінгі буынның парызы. Болашақ ұрпақ үшін азаматтық борышын қан майданда өтеу маңдайларына жазылып, ел мен жердің тыныштығы үшін 6620 ер азамат Шу өңірінен майданға аттанған.
Мойынқұм ауданында 9-мамыр Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай қан майданда қайтыс болған соғыс құрбандарын еске алу митингісімен оларға тағзым ету мақсатында гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Мерекеде аудан әкімі Әлихан Балқыбеков, аудандық мәслихаттың хатшысы Нұртас Саурықов, құқық қорғау органдарының өкілдері мен ауыл басшылары және мекеме мен бөлім қызметкерлері, аудан тұрғындарымен бірге ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерге арналған мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
«Тараз Арена» спорт сарайында Жеңіс күніне арналған «Ордабасы» және «Таэквон-до» ұлттық командалық ойынынан халықаралық турнир өтті. Салтанатты ашылу екі күндік жарысқа қатысушылардың көрсетілімдерінен басталды.
Сан ғасырлар өтсе де, қазақ халқының өзгеріссіз, салты болып қалыптасқан дәстүрінің бірі – бата беру. Ол – тәлім-тәрбиелік мәні айрықша, ұрпақтан-ұрпаққа үлгі болып келе жатқан мұра. Ал осындай құнды мұраны сақтап, өзгелерге дәріптеу адамзат баласы үшін парыз. Осы орайда, Т.Рысқұлов ауданында “Батаменен ел көгерер” атты аудандық байқау өтті.
9 мамыр – Жеңіс күніне орай дәстүрлі митинг аудан орталығында орналасқан Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш алдында еске алу жиыны өтті. Жиынға аудан әкімі Бекзат Болатбеков, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат хатшысы, мекеме мен бөлім басшылары, аудандық ардагерлер кеңесі мүшелері мен ауданның барлық құқық қорғау органдары басшылары мен шекарашылар қатысты.Толығырақ сюжеттен көрініз.
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Мойынқұм ауданындағы жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік мекемелердің жұмысымен танысып, нысандардың жай-күйін көрді. Аудан орталығынан шалғайдағы ауылдардың медициналық, білім беру мекемелерін аралады. Сонымен қатар, өткен ғасырда салынған Қарабөгет ауылындағы көпірдің құжаттама шаруасын нақтылауды тапсырды. Аудандағы кәсіпорынның жұмысымен де танысты.
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Мойынқұм ауданындағы жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік мекемелердің жұмысымен танысып, нысандардың жай-күйін көрді. Аудан орталығынан шалғайдағы ауылдардың медициналық, білім беру мекемелерін аралады. Сонымен қатар, өткен ғасырда салынған Қарабөгет ауылындағы көпірдің құжаттама шаруасын нақтылауды тапсырды. Аудандағы кәсіпорынның жұмысымен де танысты.