Жамбыл облысында Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мерекесін тойлау басталды. Облыс орталығынан бөлек барлық қала, аудандарда да түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, көктем мерекесі лайықты түрде атап өтілуде. Амал мерекесіне орай бүгін Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрында «Төрткүл Ханзадасы» ертегісі және «Наурыз думан» балаларға арналған қойылымның премьерасы өтті.
Тараз қаласы Полиция басқармасы Жедел басқару орталығының қала аумағында орналасқан бейнебақылау жүйелері бойынша той кортежінде жол ережесін қатаң түрде бұзып, ішіндегі «Tоyota Prado 150» және «Audi» маркалы автокөліктері арасында механикалық жол көлік оқиғасы орын алғаны анықталды. Екі автокөлік иесі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, патрульдік полиция қызметкерлерімен кортедж құрамында болған басқа да 10 автокөлік иесі анықталды. «Lexus», «Nissan» маркалы автокөліктерінің жүргізушлеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 603-бабымен, «Land Rover», «Hyundai» , «Priora», «Hyundai» маркалы автокөліктерінің жүргізушілеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 590-бабымен, «Nissan» маркалы автокөлігінің иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 593-бабы 2-тармағымен жауапкершілікке тартылып, барлық көліктер айыптұраққа орналастырылды. Тәртіп бұзушыларға жалпы 313 мың 635 теңге көлемінде айыппұл салынды.
В Таразе проходит 2-х месячниик по санитарной очистке и благоустройству города. Участие в нем принимают работники предприятий и организаций, предприниматели и простые жители областного центра. Всего в рамках субботника было посажено 1185 саженцев различных деревьев в парках, скверах и улицах города.
Глава региона Нуржан Нуржигитов в ходе рабочей поездки ознакомился с состоянием ряда объектов в Жуалынском районе. Аким области подчеркнул необходимость продолжить систематическую работу по реализации проекта, который поспособствует увеличению объема сельскохозяйственной продукции и повышению благосостояния населения.
Из 1226 встреч с населением , проведененные в прошлом году, 35 прошли с участием акима области. На них поступило свыше 4 тысяч вопросов. В рамках своей рабочей поездки по Жуалынскому району аким области Нуржан Нуржигитов встретился с жителями Куренбельского и Жетытобинского сельских округов . На них также присутствовали руководители правоохранительных органов и различных управлений и ведомств.
Состоялся семинар по внеочередным выборам депутатов Мажилиса Парламента Республики Казахстан и Маслихатов всех уровней. В совещании приняли участие представители политических партий и общественных объединений. Подробнее в следующем материале.
Тұрғындардың белсенділігі берекеге бастайды. Ол үшін ауыл тұрғындарының бірлігі мен атқамінерлердің тынымсыз тірлігі қажет. Тұрғындардың тұрмысын тіктеп, табысын арттыру басты мақсат. Облыс әкімі Н. Нұржігітовтің басты ұстанымы осындай. Аймақ басшысы Жуалы ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар нысандарды аралап, жағдайымен танысты. Сондай-ақ пилоттық жобаға енген ауылдық округтегі кооперативтің жұмысын көріп, жауаптыларға ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемін арттыру керектігін айтты. Осы орайда шаруаларға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекті барынша жеткізу керектігін жеткізді.
Былтырдан бері түрлі деңгейдегі әкім қаралардың халықпен 1226 кездесуі өтсе , оның 35 і облыс әкімінің қатысуымен өткен. Билік өкілдерінің жұртпен жүздесуінде 4 мыңнан аса сұрақ қойылған. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Жуалы ауданына жұмыс сапары барысында Кәріқорған және Жетітөбе ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді. Ауыл халқының талап-тілегін тыңдап, жауаптыларға нақты міндет жүктеді. Жиынға құқық қорғау саласының басшылары, салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша семинар-кеңес өтті. Жиынға саяси партия және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Толығырақ тілші материалында.
Тараз қаласы аумағында абаттандыру және санитарлық тазалықтың екі айлығы аясында сенбілік өтіп жатыр. Сенбілікке қаладағы мекеме, кәсіпорын қызметкерлері, қала тұрғындары атсалысуда. Саябақ, скверлерге, арнайы бекітілген аймақтарға 1185 түрлі ағаш көшеті отырғызылды.