22 Апр 2025, Вт

2022

ТАРАЗДАҒЫ ШҰРЫҚ-ТЕСІК ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛЕ МЕ?

Жол мәселесі күрмеуі шешілмеген күн тәртібінде тұрған тақырыптардың бірі. Халықтың алыс жолдарға ат көлік аман-есен жетуіне шұрық — тесік жолдар ауыртпалықтар әкелуде. Асфальт төселгеніне көп уақыт болмаса кедір-бұдыр, ойқы-шойқы болып жатқан жолдар Таразда да көптеп кездеседі. Оған не себеп? Қара жолға қатысты қараша халық не дейді? Мағжан Орынбасар баяндайды.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешені» тақырыбындағы республикалық конференцияға қатысты. «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шара бейне-байланыс режимінде өтті. Аталған РҚБ төрағасы Мэлс Семғалиев конференцияны жүргізіп отырды.

«МЕЙІРІМ» ЖОБАСЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ТИІМДІ?

Облыс әкімінің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте 3 өзекті мәселе қаралды. Мінбердегі ақ жағалылардың әлеуметтік желідегі әуселесі сараланды. Жұмыспен қамту, оның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін көмек жайы пысықталды. «Мейірім»жобасының іске асырылу барысы талқыланды.

ОБЛЫС ӘКІМІ СПОРТ НЫСАНДАРЫ МЕН НҰСҚАУШЫЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ТАЛДАУДЫ ТАПСЫРДЫ

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов салалық басқармалардың атқарған жұмыстары бойынша есебі мен жоспарын тыңдауды жалғастыруда. Бұл жолы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков аймақ басшысына жетістіктер мен өзекті мәселелерді баяндады.

САХАР МЕШКАМИ ПРОДАВАТЬСЯ НЕ БУДЕТ!

Дефицит сахара на сегодня наблюдается везде , и в супермаркетах и в социальных магазинах. И цены в них космические. Что толку, что мы радовались, что у нас выпускают свой сахар? Когда его продают по 800 тенге за килограмм. Интересно, чем занимаются местные власти, если не могут уследить за ценами? Наши корреспонденты вышли на улицы и выслушали отчаяние горожан.

«АТАМЕКЕН» И «АНАҒА ТАҒЗЫМ» ЗАКЛЮЧИЛИ МЕМОРАНДУМ

Региональная палата предпринимателей «Атамекен» заключила меморандум о сотрудничестве с центром духовно-нравственного воспитания «Анаға тағзым», с целью объединить усилия для дальнейшей плодотворной работы.  У обеих сторон одинаковые интересы, касающейся развития предпринимательства среди женщин.  Подробнее в материале.  

«МОЛОДЕЖНАЯ ПРАКТИКА» — В ДЕЙСТВИИ!

Как молодежи найти работу в наше время?Городской центр занятости  уверяет, что это вполне можно сделать по  такой специальной  программе как  «Молодежная практика». Наши корреспонденты всьретились с молодежью, которая на деле воспользовалась привилениями данной программы.

ОПРЕДЕЛЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ ПРОЕКТА «ЖАҢА ЕСІМ-2022»

 

«Областным центром народного творчества» управления культуры, архивов и документации акимата Жамбылской области  в рамках программы «Рухани жаңғыру» с марта по май этого года прошел региональный проект среди творческой молодежи «Жаңа Есим-2022». Был организован гала-концерт, где были награждены лучшие из лучших.

ЕНДІ ҚАНТ ҚАППЕН САТЫЛМАЙДЫ

Таразда супермаркет түгіл әлеуметтік дүкендерде қант тапшы. Ал бағасын айтсақ, жаға ұстайды. Өзімізден қант шығады деп қуанғаннан не пайда? Тараздық тұрғындарға қат болған қант 800 теңгеден сатылып жатқанда. Жергілікті билік бағаны тұсауға қауқарсыз ба? Тұрғындардың жан-айқайына құлақ түріп көрдік. Сюжет көріңіз!

ЖҰМЫССЫЗДАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК

Екі қолға бір күрек таппай жүрген жастар қоғамның дертіне айналғалы қашан? Осы мақсатта Жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз жүргендерге  қол ұшын созуда. Мәселен, мекемеде «Жастар практикасы» бағдарламасы жолға қойылған.Бұл бағдарламаның пайдасын көрген  жастармен тілші тілдесіп, қайтты. Сюжет көріңіз!