Как известно неделю назад аким области объявил 2- х месячник по санитарной очистке и благоустройству региона. В эти погожие дни сентября каждую субботу повсеместно проходят субботники. Участие в них принимают коллективы государственных и частных предприятий, предприниматели, и просто жители , спешащие навести порядок на территории близлежащих домов..
В Таразе более 40 сотрудников оказали юридические услуги населению на бесплатной основе. Мероприятие прошло в рамках акции «Народный юрист». В мероприятии приняли участие специалисты правоохранительных органов и юристы. Также были привлечены все руководители управлений акимата. Оснавная цель -повышение правовой грамотности населения.
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков «Көне Тараз» кешенінде БАҚ өкілдерімен кездесті. Шаһар басшысы әуелі алда тұрған жоспарларын бөлісіп, өзекті мәселелерді тілге тиек етті. Бұдан кейін журналистер көкейдегі сауалдарын жолдап, пікір алмасты.
Таразда 40-тан аса қызметкер халыққа құқықтық қызметті тегін көрсетті. Шара «Халық заңгері» акциясы аясында өтті. Акцияға құқық қорғау саласының мамандары мен заңгерлер қатысты. Сонымен қатар әкімдіктің барлық басқарма басшылары тартылды. Мұндағы мақсат қызмет алушының мәселесін бір жерден шешу. Толығырақ Мағжан Орынбасар айтады.
Тазалық—табиғаттың қазынасы. Ал, қала жұрты қазынасын қастерлей ме? Расында бүгінгі қала көркі тазалықпен тығыз байланысты. Осыған орай бірер апта бұрын облыс әкімінің бастамасымен қала тазалығына 2 айлық сенбілік жарияланған болатын. Осыған орай қала аумағында кең көлемде сенбілік жұргізілді. Сенбілікке облыстық және қалалық мекемелер,кәсіпорындар, жеке бизнес өкілдері мен қала тұрғындары атсалысты.
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қолдауымен Жамбыл облысының іскер әйелдер қауымдастығы «Жас қанаттар» ұйымы «Mama fest»фестивалін өткізді. Атаулы шарада түрлі салада кәсібін дөңгелетіп жүрген жандар аналар үшін қызмет көсетті. Жәрмеңке мен шығармашылық аймақтар құрылып,қатысушыларды ерекше сезімге бөледі. Толығырақ тілші тарқатады.
Жамбылда жол апаты азаймай тұр. Бір ғана Т.Рысқұлов ауданында жыл басынан бері 81 жол көлік оқиғасы орын алған.Салдарынан 19 адам қаза болып,157 адам жарақаттанған.Бұл өткен жылмен салыстырғанда едәуір жоғары.Тасжолдағы тағдыр тәлкегін тыю үшін қандай жұмыстар атқарылуда? Нәтиже қандай? Анығын алдағы уақытта айшықтаймыз.
Биылғы жылы облыста 756,2 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, өткен жылмен салыстырғанда 5,4 мың гектарға артты. Атап айтқанда, 390,2 мың гектарға дәнді және дәнді бұршақты дақылдар, 72,4 мың гектарға майлы дақылдар, 5,5 мың гектарға қант қызылшасы, 11,6 мың гектарға картоп, 61,1 мың гектарға көкөніс-бақша дақылдары, 215,2 мың гектарға мал азығы дақылдары егілді. Күзгі дала жұмыстарының барысы туралы баспасөз конференциясында басқарма басшысының орынбасары айтты.
Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлім аумағында өткен жылдың тамыз айында өрт пен жарылыс болғаны есімізден шыға қойған жоқ. Ондағы оқ-дәрі қоймасындағы жарылғыш заттарды жинау және жою жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Оқ-дәрілерді жою әскери бөлімнен 12 шақырым қашықтықтағы таулы аймақтағы шалғай учаскеде жару әдісімен жүзеге асырылуда. Бұл аумақ ешкімнің жеке меншігі емес және Жамбыл облысы әкімдігінің рұқсатымен бөлінген. Бұл туралы баспасөз алаңында айтылды.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына қатысты зиялы қауым өкілдері өз пікірлерін білдіріп, халықты бірлікке, елдікке шақырып жатыр. Мемлекеттік мекемелер жолдауды насихаттау жұмысына қызу кіріскен. Солардың қатарында қалалық жұмыспен қамту орталығы да бар. Толығырақ сюжет сөйлесін.