8 Май 2025, Чт

Сентябрь 2022

ЖАМБЫЛЦЫ ВСТРЕТИЛИ ПОБЕДИТЕЛЯ КУБКА МИРА ПО ҚАЗАҚ КҮРЕСІ

Сегодня немало людей своими выдающимися талантами и достижениями прославляют  нашу Родину. В их числе и Марат Нигматуллаев, выступавший на чемпионате мира по борьбе в Румынии. Спортсмен с победой вернулся на родину, где его встретили родные, друзья и фанаты.

В ЖУАЛЫНСКОМ РАЙОНЕ ПРОШЕЛ ОБЛАСТНОЙ АЙТЫС АКЫНОВ

Сегодня в Жуалынском районе  состоялся областной айтыс акынов, посвященный 90- летию Шерхана Муртазы.  Всемерную поддержку этому мероприятию оказал районный акимат. Всего в нем приняли участие 24 акына из всех районов области.  

ИТОГИ ВЕСЕННЕЙ ПРИЗЫВНОЙ КАМПАНИИ

В областном акимате под председательством первого заместителя  акима области  Нуржана Календерова прошло совещание, где были рассмотрены итоги призыва граждан на срочную воинскую службу весной 2022 года и задачи на осенний призыв.  В мероприятии приняли участие представители здравоохранения, местной полицейской службы, пограничной службы КНБ, Нацгвардии и  областного департамента по делам обороны. По селЕкторной связи к совещанию были подключены и акиматы районов.

ВСТРЕЧА С ПРЕДСТАВИТЕЛЯМИ НПО

Аким Тараза   Бақытжан Орынбеков встретился с  руководителями НПО. Главная ее цель совместно с  представителями неправительственных организаций  обсудить животрепещущие проблемы, которые город испытывает сегодня.  Подробности в материале. 

ЖАМБЫЛДЫҚТАР ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ КУБОГІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫН КҮТІП АЛДЫ

Бүгінде еліміздің атын әлемге паш етіп жүрген азаматтар жетерлік. Солардың қатарында қазақ күресінен Румыниядағы әлем кубогінде топ жарған Марат Нығматуллаев та бар. Спортшы бүгін жеңіспен елге оралды, оны жерлестері мен туған-туыстары бар сән-салтанатымен күтіп алды.

ЖУАЛЫ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Жуалы ауданында Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай «Жай отынан жаратылған намысы» атты облыстық ақындар айтысы өтті.Ұлттық мұраны ұлықтауға аудан әкімдігі қолдау білдірген.Атаулы шарада аймақтың әр ауданынан ат терлетіп келген 24 ақын өнерін ортаға салды. Жыр додасында айтыстың ақ байрағын желбіреткен ақындар әдебиеттің абызын ардақтап,көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Толығырақ тілші тарқатады.

МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Облыстық әкімдікте облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровтың төрағалығымен жиын өтіп, онда 2022 жылдың көктемінде мерзімді әскери қызметке шақыру қорытындылары мен күзгі шақырылымдағы міндеттер қаралды. Шараға денсаулық сақтау, жергілікті полиция қызметі, ҰҚК шекара қызметі, Ұлттық ұлан және облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдері қатысты. Кездесуге аудан әкімдіктері де онлайн арқылы қосылды.

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков үкіметтік емес ұйым өкілдерінің жетекшілерімен кездесті. Жиынның негізгі мақсаты қаламыздағы мәселелердің шешімін бірлесіп табу ,халықтың шағымы мен ұсынысына құлақ түру. Толығырақ келесі бейнематериалда.

СУ ҚҰБЫРЛАРЫ САТЫЛЫП КЕТКЕН

Талас ауданы Қаратау қаласында заңсыз әрекеттер анықталуда. Мәселен, қаланы ауыз сумен қамтып отырған «Игілік» көпсалалы мекемесінің басшылығы 30 км құрайтын су құбырларын заңсыз сатып жіберген. Сондай-ақ, қаланы жылумен қамтитын мекеме тұрғындардан негізсіз төлем алған. Пайдакүнемдерге қандай шара қолданылды? Қолды болған қаржы өндірілді ме? 

ШЕРХАН МҰРТАЗАНЫҢ «АЙ МЕН АЙШАСЫ» САХНАЛАНАДЫ

Жуалы ауданында Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай «Ай мен Айша»  романы сахналанды. Халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығына қарай асыққан жұрттың қатарынан біз де табылдық. Толығырақ алдағы бейнематериалда.