22 Апр 2025, Вт

Июль 2022

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК – ӘРЕКЕТТЕ!

Әлеуметтік кәсіпкерлік –еліміздегі жаңа бағыттардың бірі. Соған қарамастан осы бағытта өз күшін сынағысы келетіндер саны күн санап артып келеді. Олардың бірі-2014 жылы өзінің алғашқы экотауар дүкенін өз қаражатына ашқан кәсіпкер Виктория Усманова. Бүгінде оның төрт дүкен желісі бар. Оның әлеуметтік кәсіпкерлігі неде? Толығырақ келесі материалда.

ШУ АУДАНЫНА 7 МЕКТЕП КЕРЕК

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Шу ауданына жұмыс сапармен барды.Іссапары барысында Бірлікүстем ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.Төле би ауылының халқымен жүздесіп, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Жиенбет негізгі мектебінің жай- күйімен танысты. Әл-Фараби орта мектебіндегі құрылыс барысын бақылауға алды. Ауданаралық балаларды оңалту орталығы ғимаратының құрылысын көрді. Оқушылар сарайына да барды.Толығырақ келесі материалда.

ӘСКЕРИЛЕР ҰШҚЫШСЫЗ ҰШУ АППАРАТТАРЫН ҚОЛДАНЫП ЖҮР

 

Жамбыл облысы Шу ауданында ұшқышсыз ұшу аппараттарының жауынгерлік экипаждары  қарасора тергендерді ұстауға тәртіп сақшыларына көмектесті. Бұл шара «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткізіліп отыр. Айта кетейік,   ішкі істер органдарының өкілдерінен басқа, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері де атсалысты.

ЖАС ДОМБЫРАШЫЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Бүгін қазақтың мол мұрасын насихаттаған домбыра күніне орай Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде жас домыбырашылар байқауы ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат жастарға ұлттық аспапты ұлықтап, ұлттық өнерді дәріптеу .Шара несімен ерекшеленді? Тілші тарқатады.

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ ҚОЛӨНЕР КӨРМЕСІ ӨТКІЗІЛДІ

«Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығында «Аманат» партиясы ерекше қажеттіліктері бар жандардың қолдан жасалған бұйымдарының кезекті көрмесін ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты-мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қолдау көрсету.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ХАЛҚЫ 1152,1 МЫҢ АДАМДЫ ҚҰРАЙДЫ

Биылғы мамырда Жамбыл облысының халқы 1152,1 мың адамды құрады. Жыл басынан бері өңір тұрғындарының саны 2,2 мың адамға өсті. Қалалық жерлерде 461,7 мың адам, ауылда – 690,4 мың адам тұрады.Бұл туралы облыстық статистика департаментінің басшысы Ерназар Құлтаев айтты.

№3 АУМАҚТЫҚ ОКРУГТЕ ОЙЫН АЛАҢШАСЫ САЛЫНАДЫ

 

Бүгін қала әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Исмаил №3 аумақтық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Бүгін де көптің көңілін күпті еткен мәселелер мол.Мәселен,аумақ бойынша бірде бір балаларға арналған ойын алаңшасы жоқ.Жыры бітпейтін жол мәселесі де айтылды.Толығырақ тілші тарқатады.

«ЖАС МАМАН» ЖОБАСЫНА ЕНГЕН КОЛЛЕДЖДЕР ЗАМАНУИ ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

Жамбылдық колледждердің материалдық базасын жетілдіріп, сапалы білім беруге қол жеткізу мақсатында қолға алынған «Жас маман» жобасына 11 колледж еніп, 3,7 млрд. теңгеге замануи құрылғылармен қамтамасыз етілді. Бүгінгі күні жобаға қатысқан 8 колледж ақылы негізде қызмет көрсетуде, оның ішінде 2 «Студент өнімі» дүкендері және 2 ақылы қызмет көрсету орталықтары ашылды.  Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында аймақтағы білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов айтты.

ПЛОЩАДКА РАВНЫХ ВОЗМОЖНОСТЕЙ

Любой человек имеет свои потенциальные таланты. А для того, чтобы он это проявил, ему необходимо создавать условия.  Так в центре духовного развития «Анаға Тағзым» партия Аманат организовала очередную выставку изделий ручной работы людей с особыми потребностями. Основная задача мероприятия социальная поддержка лиц с ограниченными возможностями.

БУДЕТ ПОСТРОЕНА ДЕТСКАЯ ИГРОВАЯ ПЛОЩАДКА

Сегодня исполняющий обязанности акима города Тараза   Қайрат Исмаил  встретился с жителями  территориального округа №3. Нерешенных проблем здесь как оказалось воз и маленькая тележка.  К примеру на всей территории данного округа нет ни единой детской игровой площадки. Обсудили  на сходе и другие проблемы.  Вот что узнали наши корреспонденты.