Дүниежүзiлiк туристiк ұйым сарапшыларының деректерi бойынша соңғы он жылда экологиялық туризм неғұрлым танымал және кез келген мемлекеттiң тұрақты даму құралына айналған. Жамбыл облысында антропогендік әсерге ұшырамаған көркем табиғаты бар жерлер жетерлік. Осы тұста өңіріміздегі экотуризмді дамыту әлеуетін мамандар алға мақсат етіп қойған. Бұл туралы бүгінгі брифингте айтылды.
Добавить комментарий