Вышла в свет первая книга Камар Карасаевой, под названием «Тәтті мұң». Презентация её произведения прошла в центре «Анаға тағзым».
Месяц: Август 2022
-
БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
«Балалардың құқықтарын іске асырудың өзекті мәселелері» тақырбындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйым басшыларының республикалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
-
БАЛАЛАРҒА ТЕГІН ҮЙІРМЕ
Жаз мезгілінде балалардың қабілеттерін дамытуға бос уақыты көбірек болады. Бұл ретте сәндік-қолданбалы өнердің алатын орны ерекше. Қоршаған дүниенің әсемдігін көре және түсіне білу мәдениетін қалыптастыру мақсатында арнайы үйірмелер жұмыс істейді. Солардың бірі Оқушылар сарайында ашылды.
-
ЕЛ ТІЛЕГІ ЕСКЕРІЛЕДІ
Бүгін қала әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Исмаил №5 аумақтық округ тұрғындарымен кездесу өткізді. Алдымен аумақта атқарылған жұмыстарды жіпке тізген аумақ инспекторы алдағы жүйелі жоспарларымен де бөлісті Сондай- ақ тұрғындар мен қоғам белсенділерінің көкейіндегі сауалдарға жауап берілді. Толығырақ тілші тарқатады.
-
ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
ҚР Білім және Ғылым Министрлігі «Техникалық және кәсіптік білім беру департементі, «Talap» коммерциялық емес Акционерлік Қоғам мен Жамбыл облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен «Еңбек нарығы және кәсіптік білім:жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында республикалық тамыз форумы өтті.Форумда нендей мәселелер көтерілді? Толығырақ келсі метериалда.
-
ОҚУШЫЛАР ҚЫШТАН БҰЙЫМ ЖАСАУ ІСІН МЕҢГЕРІП ЖҮР
Мектеп демалысы да жаз мезгілі сияқты қызу өтуде. Жыл сайын Тараз қаласындағы мектептен тыс білім беру мекемелері жазғы уақытта балалардың уақытын тиімді өткізу үшін ауқымды бағдарлама дайындайды.Олардың қатарында жақында ғана ашылған «Бақытты болашақ» оқушылар сарайы да бар. Онда 28 түрлі үйірме жұмыс жасап тұр. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
-
«ТӘТТІ МҰҢ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
Қамар Қарасаеваның «Тәтті мұң» атты алғашқы кітабы жарық көрді. Оның туындысының тұсаукесері «Анаға тағзым»орталығында өтті.Қолдау көрсетуге жиналған ұжымның қарасы қалың.Толығырақ келесі бейнематериалда.
-
СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығына бірінші сатыдағы соттармен 7913 азаматтық іс өндірісімен аяқталып, оның ішінде 4242 іс шешім шығарумен қаралған, яғни, іс өндірісімен қаралынған істер 1603 іске азайған, шешім шығарумен қаралынған істер 955 іске 18,4 % азайған. Жамбыл облысы соттарының 2022 жылдың алты айындағы азаматтық істер бойынша сот төрелігін атқарудың барысы туралы Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков мәлім етті.
-
ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
«Alina Group» Тараз қаласында Орталық Азиядағы алғашқы заманауи автоматтандырылған, тіл-ойық тақталар шығаратын зауытты іске қосты. Жаңа зауыт жылына 380 000 м өнім шығаруға қабілетті. 3,5 млрд теңге инвестиция салынған зауыттың жұмысымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров танысып қайтты. Толығырақ тілші материалында.
-
«ӘДІЛДІКТІ ТАЛАП ЕТ!» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
«Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігі ағымдағы жылғы 15 тамызда республика бойынша «Әділдікті талап ет!» атты ауқымды науқанын бастады. Оған Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы қатыса алады. Науқанның басты мақсаты – қоғам арасында жемқорлыққа төзімсіздік ортасын қалыптастырып, бұл үрдіске ел азаматтарын барынша жұмылдыру. Аталмыш іс-шара жемқорлықтың болуы немесе орын алуы мүмкін деген, қоғамды алаңдататын мәселелердің кең ауқымын кезең-кезеңімен қамтитын болады.