ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДАҒЫ ҚОС ҚУАНЫШ
Оқу уақыты 1 мин.
Жамбыл ауданында жаңа жыл мерекесі қарсаңында қос нысан ел игілігіне пайдалануға берілді. Оның бірі Қостөбе ауылының тұрғындары ұзақ күткен медициналық пункті. Сондай-ақ Ерназар ауылы сапалы ауызсуға қосылды. Тұрғындардың қуанышты сәтімен аудан әкімі Ерлан Қыдыралұылы құттықтап, аудандағы ағымдағы жылы атқарылған жүйелі жұмыстар мен алдағы жоспарлармен бөлісті.