ЖАҢА ЖЫЛ АЛДЫНДА ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЙЫНДЫҚТЫ ТЕКСЕРУ
Оқу уақыты 1 мин.
Жаңа жыл алдында Тараз гарнизонына Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Султан Камалетдинов келді. Оның сапарының мақсаты – әскери бөлімдердің жауынгерлік дайындық деңгейін мерекелік кезең жағдайында бағалау болды. Бас штаб бастығын сапар кезінде Тараз гарнизонының әскери бөлімдерінің командирлері, Оңтүстік аймақтық қолбасшылығының әскерлері басшысы генерал-майор Ержан Ибраев бастап жүрді.