МЕКТЕПТЕРДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ
Оқу уақыты 1 мин.
Күні кеше елдегі білім ордаларында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы басталып, оқушылар мектеп қабырғасында білім алуға дайындықтарын күшейтті. Жамбыл облысында бас-аяғы 445 мектеп бар. 1 қыркүйек күні Б.Момышұлы атындағы № 45 қазақ классикалық гимназиясында да алғашқы қоңырау сыңғырлады. Салтанатты шараға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек арнайы қатысып, ізгі тілегін жеткізді.