КИКБОКСИНГТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ӨҢІРГЕ ОРАЛДЫ
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Тәтті ауылдық округінде ерекше оқиға орын алды. Ауыл тұрғындары кикбоксингтен 2024 жылы Будапештте өткен әлем чемпионатында топ жарып, алтын медаль жеңіп алған Ернұр Асхатұлын үлкен құрметпен қарсы алды. Спортшының жеңісі ауылдың абыройын асқақтатып, барлық тұрғындарды қуанышқа бөледі. Ернұрды қарсы алу шарасы ауылда үлкен мерекеге айналып, оған тек жақындары ғана емес, бүкіл ауыл халқы жиналды.