Е.ҚАРАШӨКЕЕВ ПД ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЖАҢА КӨЛІКТЕРДІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ
Оқу уақыты 1 мин.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің беделін арттыруға бағытталған кешенді шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Осы бағытта Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев салтанатты жиында облыстық полиция департаментінің қызметкерлеріне жаңа қызметтік автокөліктердің кілтін табыстады.Бұл шара құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық әлеуетін нығайтуға және олардың жұмыс тиімділігін арттыруға жасалған маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Жаңа көліктер полиция қызметкерлеріне азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және қоғамдық тәртіпті сақтауда үлкен қолдау болмақ.