БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА 240 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында жалпы 240 пәтерлі 4 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қоныс той иелерін құттықтап, баспана кілттерін салтанатты түрде табыстады.