ЕСІРТКІ ОРАМАСЫН ДАЙЫНДАУ БАРЫСЫНДА ҰСТАЛДЫ
Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарын заңсыз сақтады деген күдікпен Байзақ ауданының 35 жастағы тұрғынын ұстады. КТМ: Күдікті Байзақ ауданының құмға жақын маңдағы аумағында «кептірілген марихуана» есірткі затының орамасын дайындау барысында ұсталды. Тәркіленген есірткі затының жалпы салмағы 3 келіден асады. Күдікті өз кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Күдіктіге қатысты 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалуы мүмкін.