ЕНДІ ЖАСТАР ӘСКЕРГЕ SMS ХАБАРЛАМАЛАР АРҚЫЛЫ ШАҚЫРЫЛАДЫ
Мерзімді әскери қызмет мерзімі бұрынғыдай 12 айды құрайды және әскерге шақырудың экстерриториялық принципін қарастырады, яғни Жамбыл облысынан тыс жерде. Әскерге шақырлатын азаматтардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптар өзгерген жоқ. Әскери қызметке дені сау, әскерге жарамды шақырушылар шақырылады, сонымен бірге шағын шектеулері бар шақырушыларды шақыру рұқсат етілген. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары — жасақтау басқармасының бастығы полковник Хасен Қарабаев айтты.