БАЛУАН ШОЛАҚТА СПОРТ КЕШЕНІ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ
Ауыл – әр адамның темірқазығы, атамекені. Мемлекет басшысы бұл туралы «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі деген. бүгінгі күні ауыл жастарының тұрақты түрде спортпен шұғылдануға құлшыныстары зор болғанымен, ауылда спорт нысандары жоқтың қасы. 2018 жылы осы олқылықтың орнын толтыру үшін Балуан Шолақ ауылында үлкен спорт кешенін салуды жоспарлап, нысанға жер телімін бөліп беру мен оның құжаттарын рәсімдеуде Шу аудан әкімдігі қолдау білдірген еді. Осыдан 6 жыл бұрын 2018 жылы грек рим күресінің олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров өзі келіп болашақ Спорт кешенінгің қазығын қағып, ауыл балаларына сәттілік тілеп, батасын берген болатын.