«БАЛАНЫҢ БАҚЫТТЫ МЕКЕНІ – ОТБАСЫ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Оқу уақыты 1 мин.
«Баланың бақытты мекені – Отбасы» тақырыбында Ұлттық бала асырап алу агенттігі ұйымдастырған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанда Кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізу туралы ақпарат беріп, пікір алмасу. Қазіргі таңда заң жобасы Мәжілістің жұмыс тобында қарастырылуда. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру саласындағы алдағы жаңалықтарды талқылауға білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік жұмыспен қамту басқармаларының, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдері және т. б. келді.