«СІРІҢКЕ-БІР ӨМІРДІҢ БАҒАСЫ» АТТЫ АКЦИЯ БАСТАЛДЫ
Жыл сайын суық күндердің басталуымен Жамбыл облысы аумағында адамдардың зардап шегуі немесе қаза болу фактілері орын жиі алуда. Ең өкініштісі, олардың көпшілігі балалар болып табылады. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың соңы қайғылы жағдайларға әкелуі ықтимал. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, улы газбен улануды алдын алу, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында Жамбыл облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері тұрғындар арасында рейдтер жүргізу арқылы маусымдық алдын алу жұмыстарын жүргізді.