Е. ҚАРАШӨКЕЕВ Д.И.МЕНДЕЛЕЕВ АТЫНДАҒЫ РХТУ-ДЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Оқу уақыты 1 мин.
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің делегациясымен кездесті. Басқосуға басқарма басшылары, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен «Қазфосфат» ЖШС-ның өкілдері қатысты. Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес М.Х.Дулати атындағы ТарӨУ базасында Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің филиалын ашу көзделген. Бұл бойынша Д.И. Менделеев атындағы РХТУ, М.Х.Дулати атындағы ТарӨУ және «Қазфосфат» ЖШС арасында кадрларды бірлесіп даярлау туралы үшжақты келісімге қол қойылған болатын.