СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Оқу уақыты 1 мин.
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешені» тақырыбындағы республикалық конференцияға қатысты. «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шара бейне-байланыс режимінде өтті. Аталған РҚБ төрағасы Мэлс Семғалиев конференцияны жүргізіп отырды.