15 Май 2025, Чт

МОБИЛИЗАЦИЯЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

Тараз қаласында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің басқаруымен командалық-штабтық мобилизациялық оқу-жаттығу өтті. Іс-шараға Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас штабының бастығы генерал-майор Қуанышбек Үштаев жетекшілік етті.Бұл жолы оқу-жаттығуға алғаш рет жергілікті атқарушы органдар да тартылды. Атап айтқанда, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Астана және Шымкент қалаларының әкімдік өкілдері  қатысты.Оқу-жаттығудың барысын Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов бақылап, іс-қимылдардың үйлесімділігін жоғары бағалады.