ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ ТІРКЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
Айта кетейік, жылжымайтын мүлікке құқықтарды жедел түрде тіркеу артықшылығы, мемлекеттік тіркеу мерзімін үш тәуліктен екі сағатқа дейін қысқарды. 2022 жылдан бастап Екінші деңгейлі банктердің жылжымайтын мүлік нысандарына кепілді тіркеу мақсатында «Блокчейн» бағдарламасы қолданысқа енді.Блокчейн дегеніміз ағылшын тілінен аударғанда «блоктар тізбегі» деген мағынаны білдіреді. Бұл жалпы желіге қосылған көптеген компьютерлер арқылы таратылатын деректерді шифрлауға және сақтауға арналған технология.