ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА АДАМДАРДЫҢ ЗАРДАП ШЕГУІНІҢ АЛДЫН-АЛУ МАҚСАТЫНДА РЕЙДТІК ІС-ШАРА ӨТТІ
Жыл сайын жылыту маусымында Жамбыл облысы аумағында адамдардың зардап шегуі немесе қаза болу фактілері жиі орын алуда. Ең өкініштісі, олардың көпшілігі балалар болып табылады. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың соңы қайғылы жағдайларға алып келуі ықтимал. Осы тұста қайғылы жайттардың алдын алу мақсатында төтеншеліктер ауыл ауылды аралап, рейдтік жұмыстарды жүргізді.