ЖУАЛЫ АУДАНЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
1 min read
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жуалы ауданына жұмыс сапары аясында аудан тұрғындармен кездесті. Жуалылықтар алдында аймақ басшысы өңір бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды айтса, аудан әкімі атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады. Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалып, жауаптылар тарапынан нақты жауап берілді. Бұдан соң аймақ басшысы аудандағы бірқатар нысанға ат басын бұрып, ахуалымен танысты.