ЖОЛДЫ КЕСІП ӨТПЕҢІЗ!
Жамбыл облысы Полиция департаменті басшылығының тапсырмасына сәйкес өңірімізде жаяу жүргіншілердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жолда жүру қауіпсіздігін сақтауға дағдыландыру мақсатында облыс орталығында патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен арнайы рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Жүргізілген іс-шара барысында арнайы жолақты жолдан өтуге ерініп, жолдың келесі жағына жүгіріп өтуге әрекет еткен жаяу жүргіншілер тәртіп сақшыларының назарында болды. Рейдтің алғашқы күнінде тәртіп бұзған 25 адам анықталған. Жолда жүру ережесін бұзған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жыл басынан бері аталмыш ережені бұзған 3030 жаяу жүргіншіге әкімшілік хаттама толтырылған.