ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫ ЖИІЛЕП КЕТТІ
Жоғары жылдамдықпен жүйіткуді әуестікке айналдырған жүгенсіз жүргізушілер мен жол жүру ережесін білмейтін жаяу жүргіншілердің салдарынан өңірде жол апаты жиілеп кетті. Екі күннің бірінде суық хабар келіп, бейбіт күнде опат болғандарды естіп жатамыз. Күре жол үстіндегі қайғылы оқиғадан талай жанның тағдыры үзіліп, жарақаттанып, тіпті жарымжан болып жатқандар жетерлік. Бұған не себеп? Кім кінәлі? Бұл туралы бүгін өңірдегі бас ғимаратта өткен жиналыста айтылды.