ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУСІЗ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУҒА МҮМКІНДІК АЛДЫ
2023 жылы мемлекеттік қызмет туралы Заңнамаға енгізілген өзгерістер Қазақстандық жастарға жаңа мүмкіндіктер ұсынуда. Енді жоғары оқу орындарында мемлекеттік грантпен білім алып, жоғары көрсеткішпен бітірген түлектер мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз қабылдана алады. Бұл жаңашылдықтың негізгі мақсаты – білікті де білімді жастарды мемлекеттік қызметке тарту және аудандық, ауылдық жерлерде кадр тапшылығын азайту болып табылады.