ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕ ӨЗІН-ӨЗІ ҰСТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ
1 min read

Жамбыл облысы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқандықтан, тұрғындарға жер сілкінісі кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін үйрету, сондай-ақ ғимараттардан адамдарды эвакуациялау шараларын меңгеру мақсатында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері түрлі мекемелерде тұрақты түрде сейсможаттығулар өткізіп келеді. Бүгін де осы бағыттағы жаттығуды № 1 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында өткізді.