ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ҚАЛАЙ ЖОЯМЫЗ?

Елімізде соңғы үш жылда жасалған қылмыскерліктің 50 пайыздан астамы парақорлық фактілерімен тіркелген. Бұл біздің шенділер арасында бюджеттің бүйірін тесетіндер мен түйені түгімен жұтатындардың азаймағанын дәлелдеп отыр. Тіпті жең ұшымен жалғасқан жемқорлықпен құзырлы орган өкілдері де ұсталып жатады. Қайтпек керек? Мәселен, бүгін Халықаралық Тараз Инновациялық Институтында осы тақырып бойынша құзырлы орган өкілдері студенттерге алдын алу жұмыстарын жүргізді. Сыбайлас жемқорлық жасап, сотты болғандарды тізген құзырлылар жемқорлықтың жақсылыққа апармайтынын түсіндіріп бақты. Толығырақ тілші материалында!