ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕР ДІН ЖӘНЕ ДӘСТҮР ЖАЙЛЫ САБАҚ АЛДЫ
Дін жаратылысқа сай бір тұтастылығымен адамзат тарихымен бірге бастау алады. Дін тарихтың барлық кезеңінде адамзатпен бірге жасап, бірге жалғасып, өзіндік әдет-ғұрыптарының қалыптасуында маңызды рөл атқарған. Дәстүрге келер болсақ, әрбір мемлекеттің, халықтың өзіне тән дәстүрі бар.
Дін мен дәстүрді сабақтастыра отырып, жазасын өтеушілерге діни сауат пен салт-дәстүрді терең үйрету және бойына сіңіру мақсатында, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесінде Әбу Бәкір әс-Сыддық мешітінің имамы Қасымжан Бектаев «Дін мен дәстүр ұлттық құндылық негізі » тақырыбында жазасын өтеушілерге сабақ өтті. Өткізілген сабақты қорытындылау мақсатында сотталғандар арасында сұрақ-жауаптармен пікірталас жүргізілді.
Ұйымдастырған ЖД-158/7 мекемесінің теологы әділет капитаны Н. Желдібаев.