ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК – ЖЕРДІҢ КӨРКІ
1 min read
“Таза Қазақстан” Республикалық экологиялық жобасының “Жасыл желек-жердің көркі” атты акциясы аясында Тараздағы “Қызылабад” ықшам ауанына 20 мың ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Күні кеше жоспарланған ағаштың 5 000 данасы аталған аумаққа отырғызылды. Тал егу жұмыстарына қала әкімі Бақытжан Орынбеков қатысып, жастармен жарыса игі іске атсалысып қайтты.