«ЖАС МАМАН» ЖОБАСЫНА ЕНГЕН КОЛЛЕДЖДЕР ЗАМАНУИ ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ
Жамбылдық колледждердің материалдық базасын жетілдіріп, сапалы білім беруге қол жеткізу мақсатында қолға алынған «Жас маман» жобасына 11 колледж еніп, 3,7 млрд. теңгеге замануи құрылғылармен қамтамасыз етілді. Бүгінгі күні жобаға қатысқан 8 колледж ақылы негізде қызмет көрсетуде, оның ішінде 2 «Студент өнімі» дүкендері және 2 ақылы қызмет көрсету орталықтары ашылды. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында аймақтағы білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов айтты.