ЖАМБЫЛДЫҚТАРДЫ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 227,1 ПАЙЫЗҒА АРТАДЫ
Жамбыл облысында кезекте тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 2 909 пәтерлі 56 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстарға 12,3 млрд. теңге қарастырылған. Биыл 2 569 пәтерлі 51 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады деп жоспарлануда.