9 Май 2025, Пт

ЖАМБЫЛДА МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

Бүгін  «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығында «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық конкурсы өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Шарада 6 отбасы түрлі дәрежедегі дипломдар иеленіп, қаржылай сыйлық табысталды. Қазақы дәстүрдің қазанын қайнатқан мерейлі отбасыларды құттықтауға арнайы облыс әкімі келді.