ЖАМБЫЛДА 12 «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» САЛЫНАДЫ
1 min read
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында облыс бойынша 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 9 500 орындық 12 мектеп салу жоспарлануда. Жаңа мектептердің құрылыстары есебінен үш ауысымда оқытылатын және оқушы орны тапшылығы бар мектептердің мәселесі шешіледі. Бұл жөнінде бүгін аймақ басшысының төрағалығымен өткен жиында айтылды.