ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ӘЗІРЛІГІ 60%
1 min read
Биылғы жылу маусымына дайындық шараларын 15 қазанға дейін аяқтау қажет, оның ішінде, қазандықтардың, жылу, электр, су, газ желілерінің, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдениет нысандары мен тұрғын үйлердің дайындығын 1 тамызда 60%-ға, 15 қыркүйекте 90%-ға, 10 қазанда 100% қамтамасыз етілуі тиіс. Ал, білім беру нысандарының 100% дайындығы 1 қыркүйекке дейін қамтамасыз етілуі керек. Бұл туралы баспасөз брифингінде айтылды.