ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «ЖОЛДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Жамбыл облысында «Жолдағы қабылдау» акциясы өтті. Акцияның негізгі мақсаты — тас жолдарда жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілер мен жолаушыларға жол қауіпсіздігі мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, төрт-түлік жануарларымен болатын жол-көлік оқиғаларың алдын алу. Акция барысында «ҚазАвтоЖол» АҚ Жамбыл облыстық филиалы, «ҚАЖсервис» ЖШС Жамбыл облыстық филиалының қызметкерлері тәртіп сақшыларымен бірлесіп, тас жолда жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік, Жамбыл облысы аумағындағы руспубликалық маңызы бар автожолдарда 2024 жылдың 5 айында 90 ЖКО тіркеліп, 24 адам қаза тапқан, 196 адам дене жарақатын алған. ЖКО негізгі себептерінің бірі — жүргізушілердің жылдамдықты шамадан тыс асыруы, жүргізішінің қалғып кетуі және тағы да басқа жол ережелерін бұзуы. ЖКО-ның 10% жеке шаруашылықтың түнгі уақытта үй жануарларын қараусыз қалдырғаннан жол бойына шығып кетуіне байланысты болады,-дейді мамандар.