ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ТЖ ҚЫЗМЕТІ ҚЫСҚЫ МЕЗГІЛГЕ ҚАНШАЛЫҚТЫ ДАЙЫН?
Қараша айының келуімен қысқы маусымның қытымыр күндері де басталады. Сынап бағанасы төмендеп, айналаны ақ ұлпа қар басқанын тамашалау – көз сүйсіндіретін көрініс. Бірақ сол әсем көріністің астарында қоғамға қиындық туғызатын жағдайлар да бар. Қыстың басты сынақтарының бірі – тас жолдардың көктайғаққа айналуы. Бұл әсіресе көлік жүргізушілері үшін айтарлықтай қауіп тудырады. Сонымен қатар, қалың қардың құрсауында қалып, жолаушылардың жолда көмекке мұқтаж болуы сияқты жағдайлар да жиі орын алады. Осындай жағдайларда төтенше жағдайлар қызметі қаншалықты дайын? Толығырақ алдағы сюжетте.