ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАС КҮЙДЕГІ АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІН ҰСТАДЫ
Тараз қаласы көшелерінің бірінде маршруттық автобус жүргізушісінің күмәнді әрекеті патрульдік полиция қызметкерлерінің назарын аудартты. Тексеру кезінде 47 жастағы жүргізушіден өткір алкоголь иісі шығып тұрды. Полицейлер оның мас күйінде болуы мүмкін деп күдіктеніп, медициналық сараптамаға жіберді. Медициналық тексеру автобус жүргізушісінің орташа деңгейде мас күйінде болғанын растады.