ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦЕЙЛЕР ЕСІРТКІ ЖАРНАМАСЫНА ҚАРСЫ ЖАЛПЫ КҮРЕС ЖҮРГІЗУДЕ
1 min read
Полиция қызметкерлері М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттерімен, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығымен» және еріктілермен бірлесіп, «Есірткісіз болашақ» ұранымен графит жазуларын алып тастау бойынша акциясын өткізді. Акцияның мақсаты — жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күрес шараларды күшейту болып табылады. Іс-шараға 700-ден астам адам қатысты.