ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА МҰҒАЛІМДЕР КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ
Өңірде ұстаздан күні бар сән салтанатымен аталып өтті. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өз кезегінде мұғалімдер күніне арналған салтанатты шараға қатысты. Мерекелік жиын білім саласындағы жетістіктер туралы бейнеролик пен А. Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры әртістерінің қойылымымен ашылды. Бұдан соң Ербол Қарашөкеев облыс педагогтерін кәсіби мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.