"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 23 СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте өңірдегі бұқаралық спорттың дамуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Басқосуда баяндама жасаған дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Арман Ташметовтің айтуынша, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 482,7 мың адамға немесе облыс тұрғындарының 39,6 пайызына жеткен. Соңғы бес жылда жүйелі түрде спортпен шұғылданушылар үлесі 10,5 пайызға өскен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *