ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 23 ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ
1 min read
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Жамбыл облысында 46 жаңа үлгідегі нысан салуға нақты қажеттілік айқындалған. Соған сәйкес, 2023-2024 жылдар аралығында облыста 30 жобаның құрылысы қолдау тапқан. Оның 10-ы осы жылға, 20 нысан 2024 жылға жоспарланған. Қалған 15 нысан 2025-2026 жылдарға арналған даму жоспарына енгізілген. Бұл туралы облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңейтілген мәжілісте жан-жақты айтылды. Жиында алдымен аймақ басшысы биылғы он айдағы экономикалық көрсеткіштерге қысқаша тоқталып өтті.